Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Таушелек орманшылығы аумағында, Шелек өзенінің бойында мемлекеттік инспекторлар Омар Әміриев пен Дүйсен Келдәулет кезекті рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануардың ізін, сондай-ақ таутекелер мен бұғы-маралдарды ұялы телефонға түсіріп алған.
– Мұндай кадрлар – ұлттық парктің табиғи байлығы сақталып, жануарлар әлемінің тұрақты мекендеп жатқанын көрсетеді. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз, - делінген бейнежазба мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ұлттық табиғи паркінде жүргізілген басқа рейд кезінде мемлекеттік инспектор Айбол Бектұрсын Мыстөбе аумағында еркін жайылып жүрген жабайы елікті және Бірінші көлдің маңында үйректер тобын камераға түсіріп алған.
Фото: Көлсай көлдері ұлттық саябағының суреттеріЕске салайық, кейінгі жылдары елімізде қар барысының саны артқан.