Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Көліктердің кілтін ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов табыс етті.
Құтқарушылардың автопаркі өрт сөндіру автоцистерналарымен, жедел көліктермен, сорғы-жеңқұбырлы құрылғылармен және квадроциклмен толықты. Техника өңірдің географиялық ерекшеліктері мен қызмет алдында тұрған міндеттерді ескере отырып таңдалған.
— Бұл өңірлік бөлімшелерді жарақтауды біріздендіруге бағытталған ведомстволық бағдарламаның бір бөлігі. Енді құтқарушылардың техникасы, жұмыс әдістері мен стандарттары еліміздің барлық өңірлерінде біркелкі болады, — деді Шыңғыс Әрінов.
Жаңа техника төтенше жағдайлар кезінде құтқарушылардың ден қою жылдамдығы мен жеделдігін айтарлықтай арттырады.
Фото: ҚР ТЖММұндай техникалар жуырда Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына да табысталған болатын.
Сондай-ақ Ақтөбе облысына да жаңа техникалар жеткізіліп, құтқарушыларға қызметтік пәтер берілді.