24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматыда "ALMATY OPEN 2025" халықаралық теннис турнирі өтіп жатыр.
Жекелей сында чемпион атағы үшін ресейлік Даниил Медведев пен француздық спортшы Корентен Муте өз ара мықтыны анықтайды. Еске сала кетейік, әлемнің 14-ракеткасы Медведев жартылай финалда австралиялық Джеймс Даквортты жеңген болатын. Айтайық, Ресейлік спортшы үшін бұл ATP сериясындағы мансабындағы 40-финал. Бұл көрсеткіш бойынша ол қазіргі кәсіби теннисшілер арасында әйгілі Новак Джоковичтен кейін екінші орында тұр. Турнирдің жеңімпазы 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қомақты жүлдені және 250 рейтингтік ұпайды иеленеді.