Алматы орталығындағы супермаркеттің жапсарлас құрылысы бұзылды

17.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы орталығындағы супермаркетке жапсарлас салынған нысан сот шешімімен бұзылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 510а мекенжайында орналасқан Spar супермаркетінің жапсарлас нысаны сүрілді.

Басқарма бұған дейін "КБЕ групп" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілгенін хабарлады. Соның нәтижесінде компания құрылысқа рұқсат құжаттарының болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Меншік иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда ол орындалмаған соң, материалдар сотқа жолданды.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қалалық құрылыс бақылау басқармасының талап-арызын толық қанағаттандырды.

"Нысанды бұзу сот шешімін орындау мақсатында оның иесі тарапынан жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының Медеу ауданында сот шешімімен Бегалин көшесі, 140 мекенжайындағы үйге жапсарлас салынған екі қабатты құрылыс сүрілген болатын. Бұл нысан да заңсыз деп танылды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью