Алматы Өскемен тасжолында жүк көлігі өртеніп кетті

15.11.2025

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысы аумағындағы учаскесінде жүк көлігі өртеніп кетті – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, «Алматы-Өскемен» тасжолының 900-шақырымында Shacman маркалы жүк көлігі өртенген.

– Алдын ала келіп түскен деректер бойынша, өрттің шығуына ауыр жүк көлігінің техникалық ақауы себеп болған. От дөңгелек бөлігінен тарай бастаған. Жүргізуші жағдайды дер кезінде байқап, көлікті тоқтатып, қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Абырой болғанда зардап шеккен ешкім жоқ, – делінген ақпаратта. 

Осы ретте, полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін мұқият тексеру қажеттігін еске салды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью