Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Kia Sportage көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан көлік алдымен Toyota Highlander автокөлігімен, кейін сол бағытта келе жатқан Lexus GS300 көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан Kia Sportage жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы 6 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жеткізілді.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты асырмауға, қауіпті маневрлер жасамауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырды.
«Тәуекелге барған бірнеше секунд адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар», деп ескертті тәртіп сақшылары.
Алматыда түнде жантүршігерлік жол апаты болды: Мотоцикл жүргізушісі қаза тапты