Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы ПД автокөлік ұрлығы қалай жасалатынын көрсетіп, видео жариялады. Кадрларда көбіне салғырттықтан туындайтын ұрлық жағдайлары мен олардың салдары көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ПД автокөлік ұрлығы қалай жасалатынын көрсетіп, видео жариялады. Кадрларда көбіне салғырттықтан туындайтын ұрлық жағдайлары мен олардың салдары көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыда автокөліктерді ұрлаумен айналысатын, агрегат нөмірлерін өзгерту немесе көліктерді бөлшектеу арқылы пайда табатын ұйымдасқан қылмыстық топтар тіркелмеген. Бұрын кең таралған мұндай қылмыстық схемалар бүгінде өзектілігін жоғалтқан.
Алайда қазіргі жағдай мүлде басқа. Автокөлік ұрлықтарының басым бөлігі - жекелеген, кездейсоқ сипаттағы фактілер. Олардың көбі көлік иелерінің өз жауапсыздығынан болып жататын көрінеді. Кейбір жүргізушілер автокөліктерін құлыптамай, тіпті кілтін оталдыру құлпында қалдырып немесе қозғалтқышы қосулы күйде "бір сәтке" дүкенге не жеке шаруамен кетіп жатады.
Алматы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияровтың айтуынша, қазіргі ұрлықтардың дені алдын ала жоспарланбаған қылмыстар.
"Бүгінде тіркеліп жатқан автокөлік ұрлықтарының басым бөлігі - аяқ астынан жасалған әрекеттер. Көбіне олар алкогольдік мас күйдегі адамдардың қараусыз қалған көлікті пайдаланып кетуімен байланысты. Мұндай барлық деректер ашылып, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылады", - деді ол.
Полиция өкілдері мұндай қылмыстардың алдын алу қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы мүмкін екенін атап өтті.
Полиция жүргізушілерге кеңес береді:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!