Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, криминогендік ахуалды тұрақтандыру және құқықтық тәртіп деңгейін арттыру мақсатында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Алматы қаласы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, негізгі міндет – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолдардағы тәртіпті күшейту.
- Әрбір қызметкер заң талаптарын қатаң сақтай отырып, кәсіби деңгейде қызмет атқаруы және азаматтарға құрметпен қарауы тиіс. «Заң және тәртіп» қағидаты тек ұран ретінде емес, күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналуы қажет, – деді ол.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, көшедегі қылмыстың жолын кесуге, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Еске салайық, Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан кейін Алматыда ауқымды «STOP бұзушылық» операциясы өткен болатын.