Алматы полициясы Қайрат Ордабасы матчы алдында маңызды мәлімдеме жасады

26.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: «Қайрат» футбол клубы

Екі команда арасында өтетін кездесу еліміздегі ең көп көрермен жиналатын спорттық іс-шаралардың бірі саналады. Осыған байланысты матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның күшейтілген жасақтары, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және басқа да арнайы қызмет өкілдері кезекшілік етпек.

Канье Уэст концертіне байланысты «Қайраттың» өз алаңындағы ойыны Түркістанға ауыстырылды

Сондай-ақ Орталық стадион аумағы мен оған жақын жерлерде заманауи бейнебақылау және бақылау жүйелері пайдаланылады.

Құқық қорғау органдары жанкүйерлерді арандатуға ермеуге, заң талаптарын сақтауға, өзге көрермендерге құрметпен қарап, өз командаларын спорттық мәдениет аясында қолдауға шақырды.

«Қолдау көрсету үшін Алматыға келген барлық жанкүйерді қуана қарсы аламыз. Біздің ортақ міндетіміз – бұл матчтың әдемі ойынмен, жарқын эмоциялармен және бір-біріне деген құрметпен есте қалуын қамтамасыз ету. Баршаңызды қоғамдық тәртіпті сақтауға, арандатуға ермеуге және нағыз жанкүйерді мінез-құлық мәдениеті, қарсыласқа деген құрметі мен өз командасына шынайы қолдау көрсетуі ерекшелендіретінін есте ұстауға шақырамыз», деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Ордабасы» матчы 26 шілде күні сағат 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтеді.

«Ордабасы» бас бапкердің болашағына қатысты шешім қабылдады

Еске сала кетейік, бүгінде Чемпиондар лигасының іріктеу ойындарына қатысып жатқан алматылық «Қайрат» екінші турдың алғашқы матчында Кипрдің «Омония» командасына 1:0 есебімен есе жіберді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью