Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Көрме халықаралық байланысты нығайтуға, қаланың туристік әлеуетін кеңінен таныстыруға және жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Фото: Алматы әкімдігіАлматы төрт маусым бойы саяхаттауға қолайлы бағыт ретінде ұсынылды: тұмса табиғат, белсенді демалысқа арналған заманауи мүмкіндік, wellness-бағыттар, гастрономиялық ұсыныстар және іскерлік іс-шараларға арналған дамыған инфрақұрылым кеңінен көрсетілді.
Фото: Алматы әкімдігіКөрме аясында Алматы делегациясы B2B форматында 150-ден астам келіссөз жүргізді. Соның нәтижесінде өңірдің жетекші туроператорлары және әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастық жөнінде алдын ала уағдаластық жасалды. Келіссөз қорытындысы бойынша 36 келісімге қол қойылып, олардың жүзеге асуы Алматыға түрлі елдерден 5 000-нан астам турист тартуға мүмкіндік береді.
Фото: Алматы әкімдігіФото: Алматы әкімдігі— Бұл өңірден келетін туристер үшін ең басты қызығушылық — табиғат. Алматы тауы, көлі, жасыл саябақтары және жазғы салқын климаты арқылы осы талапқа толық сай келеді. Араб елдерінен қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз және оны одан әрі күшейтуге ниеттіміз, — деді Алматы қаласының Туризм басқармасы Туризмді ілгерілету бөлімінің басшысы Еркебұлан Әбіхан.
Көрмедегі бағдарламаның ерекше бөлігі ретінде роуд-шоу ұйымдастырылды. Қазақстанның бес туроператоры Парсы шығанағы нарығына арналған туристік өнімдерін таныстырды. Іс-шарада Қазақстан Республикасының Дохадағы Бас консулдығының өкілі құттықтау сөз сөйледі. Роуд-шоуға Орталық Азия елдерінің елшіліктері, жергілікті туристік компаниялар, БАҚ және серіктес ұйымдардан 130-дан астам қонақ қатысты. Бұл кездесу форматы әлеуетті клиенттермен тікелей байланыс орнатуға және Алматының туристік мүмкіндіктеріне қызығушылықты арттыруға жағдай жасады.
Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігіQTM 2025 көрмесіне қатысу Алматы қаласын шетелдік нарықтарда ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі болды. Келесі кезеңде серіктестік байланысты дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және Парсы шығанағы елдерінің туристері арасында Алматыны жайлы, қауіпсіз әрі табиғи тартымды бағыт ретінде тұрақты қызығушылықты қалыптастыру жұмысы жалғасады.
Фото: Алматы әкімдігі