Алматы Қорғас тас жолында зақым келген көлік иелеріне өтемақы төленді ҚазАвтоЖол

13.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. "ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы "Алматы-Қорғас" тас жолында зақым келген көліктердің иелеріне өтемақы төленгенін хабарлады.

Әлеуметтік желіде жолда шығып тұрған бетон бөлшегінен зақым келген көліктердің видеосы тараған болатын. Біреуінің доңғалағы жарылса, басқасының бензин багы тесіліп қалған.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, қазіргі кезде ауа температурасының жоғарылауына байланысты кейбір жерлерде цементбетон плиталары қозғалып кеткен. Ал әлеуметтік желілерде тараған ақауға жүк көлігі себеп болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша аталған жағдай ауыр жүк көлігінің өтуінен кейін орын алған. Көлік жүктемесінің әсерінен бетон жабынының бір бөлігі бұзылып, кейіннен осы учаскемен өткен жеңіл автокөліктердің дөңгелектеріне зақым келген", - дейді компания мамандары.

Осы оқиғадан кейін жол қызметтері мердігер ұйыммен бірге ақауды жөндеді.

"Зардап шеккен көлік иелеріне келтірілген материалдық шығын мердігер ұйым тарапынан толық көлемде өтелді. Сонымен қатар аталған факті бойынша мердігер ұйымға қатысты полиция органдары әкімшілік ықпал ету шараларын қолданып, тиісті айыппұл салды”, - делінген ресми хабарламада.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью