Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматы – Қорғас тасжолында тіркемесі көтерілген жүк көлігі жылдамдықты бақылау аркасын құлатты, - деп хабарлайды Tengri Auto.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 31 тамызда Алматы – Қорғас ақылы тасжолының 120-шақырымында, "Шелек" бақылау аркасы маңында Shacman жүк көлігі жол-көлік оқиғасын жасаған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі шанағы көтерілген күйде қозғалған. Бақылау аркасының астынан өту кезінде көліктің көтерілген шанағы арка конструкциясына соғылып, салдарынан қозғалыс бағыттарының біріндегі бақылау аркасының бір бөлігі зақымданды", - деп хабарлады компания.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
Жол қызметтері оқиға орнына жетіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті және қозғалысты қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта жолдағы қозғалыс толықтай қалпына келтірілді.
Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға жаппай айыппұл келген болатын. Оқырмандардың редакцияға берген ақпараты бойынша, бір күннің ішінде 100-ге жуық жүргізушіге айыппұл салынған.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденовтің айтуынша, 13-14 тамыз аралығында Бас прокуратураның "ЕРАП" ақпараттық жүйесінде іркіліс болған.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Алматыдағы айналма жолда жүк көлігі аударылып қалды: видео
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу