Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
2026 жылғы фототұзақ деректеріне сәйкес, қысқы ұйқыдан оянған аю алғаш рет камераға 13 наурызда түсіп қалған.
Қорық аумағында қоңыр аюлар ірі шатқалдардың барлығында дерлік кездеседі. Олар теңіз деңгейінен 1200–3500 метр биіктікте, аралас жапырақты ормандарда, қылқан жапырақты шыршалы ормандарда, субальпілік және альпілік белдеулерде тіршілік етеді.
Көктемде тауда қардың қалың жатуына байланысты аюлар таудың теріскей беткейіне қарағанда, күнгей беткейлерде жиірек жүреді. Себебі бұл аймақтарда қар ертерек еріп, қорек табу мүмкіндігі мол болады.
Айта кетелік Алматы қорығында күшіктерін ерткен ілбіс фототұзаққа түсіп қалған еді.