Алматы құтқарушыларына күніне 3 мың қоңырау түседі

20.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында Алматы қаласы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қуаныш Оспанов айтты.

– Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасымен «ТЖ Алматы» мобильді қосымшасы әзірленді. Оны App Store мен Play Market платформасынан тегін жүктеп алуға болады. Қосымшада жаңалық, күн райының болжамы, оқыту жадынамасы мен бейнероликтер жарияланады, эвакуация кезінде паналайтын пункттердің картасы да сонда орналасқан, - деді ол.

Сонымен қатар спикер төтенше жағдайлар департаменттің негізгі бөлімшесі — Жоспарлау мен жедел басқару орталығының жұмысын түсіндірді. Оның айтуынша, мұнда кезекші бөлім, жедел кезекшілер, 112 мен 101 желісі орналасқан.

– Тәулігіне біз үш мыңнан астам қоңырау қабылдаймыз, оның ішінде жүйе арқылы полицияға немесе жедел жәрдем қызметіне бағытталатын өтініштер де бар, - деді Қуаныш Оспанов.

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы қала тұрғындарын түрлі оқыс оқиғалар кезінде жедел қимылдауға даярлау жұмысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мысалы, өткен жылы азаматтық қорғау саласында халықты оқытып, даярлаумен айналысатын жаңа орталық ашылған. Ол Райымбек даңғылы, 129/147 мекенжайында орналасқан. Онда аудан әкімдері мен олардың орынбасарларынан бастап, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандарына дейін стационарлық сабақ өтіледі.

Еске салайық, бұған дейін Шымбұлақ маңында қар көшкіні астында қалған адам құтқарылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью