Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 22 маусым – Sputnik. Алматы мемлекеттік академиялық қуыршақ театры Қазан қаласында өткен "Shombay-fest 2026" VI халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Гран-при жеңіп алды.
Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Мәдени шараға Қазақстан, Африка елдері, Серб Республикасы және Ресейдің әртүрлі аймақтарынан барған театр труппалары қатысты.
© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
© Photo : Пресс-служба акима Алматы
"Театр ұлттық құндылықтар мен қазақтың мәдени мұрасын насихаттауға арналған "Ортеке" қойылымы үшін фестивальдің бас жүлдесін алды. Байқауға 14 театр мен 150-ден астам қуыршақ театрының әртісі қатысты", - делінген хабарламада.
Қазылар алқасының төрағасы Дэвид Бурманның айтуынша, Гран-приді алматылық труппаға беру туралы шешім бірауыздан қабылданған.
© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
Алматы қуыршақ театры Ресейде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды
© Photo : Пресс-служба акима Алматы
Сондай-ақ театр 2027 жылы Санкт-Петербургте өтетін халықаралық KUKART фестиваліне шақыру алды.