Алматы саябақтарының біріне Қытайда мекендейтін қаз ұшып келді

01.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Табиғи ортада кездеспейтін құсты қала тұрғындары байқаған. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылым жөніндегі директоры, орнитолог Сергей Скляренко оның қайдан пайда болғанын әзірге ешкім білмейтінін айтты. 

Болжам бойынша үй жағдайында болған құс қашып кетіп, саябақтағы үйректерге келіп қосылған. Қазір қаз шамамен отыз шақты барқылдақ үйрекпен бірге емін-еркін жүр. 

Сергей Скляренко қолда ұстайтын құстар мен жабайы құстардың дәл өстіп бірге жүргені мамандардың да қызығушылығын тудырғанын атап өтті. 

– Оның саябақта аяқ асты пайда болғаны табиғат сүйер қауым мен орнитологтарды да елең еткізген тың жаңалық болды, - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Шарын ұлттық саябағында сирек кездесетін құстар видеоға түсіп қалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью