Алматы Тараз тас жолындағы қозғалыс жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі

06.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жамбыл облысында Алматы – Тараз тасжолының жаңа Қордай асуы арқылы өтетін бөлігі жөнделеді. Жұмыс 159-дан 238-шақырымға дейінгі аралықта жүргізіледі, деп хабарлайды Tengri Auto "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасап.

7 тамыздан бастап күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Тараз бағытында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

Фото: "ҚазАвтоЖол"

"Жөндеу жұмыстары кезінде Алматыдан Тараз бағытына қарай автокөлік қозғалысы баламалы бағыт - "Отар - Қордай - Қайнар" (Ескі Қордай асуы) автожолы арқылы ұйымдастырылады", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Жүргізушілерге бағытын алдын ала жоспарлау, уақытша белгілердің нұсқауларын орындау және жөндеу жүріп жатқан учаскеде жылдамдық режимін сақтау ұсынылады.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын шамамен бір ай ішінде аяқтау жоспарланған.

Тағы қай жолдарда қозғалыс шектелген? 2026 жылғы 29 шілде мен 12 тамыз аралығында - Астана – Қарағанды тасжолының Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскесі; 2026 жылғы 30 шілде мен 25 тамыз аралығында - Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск; 2026 жылғы 24 шілде мен 30 қараша аралығында - Медеу – Тұйықсу; 2026 жылғы 5-25 тамыз аралығында - Астанадағы Алаш тасжолының бір бөлігі.

Тағы оқыңыз: Қорғас - Алматы тасжолында жүк тасымалдау үшін қозғалыс шектеледі

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью