Алматы тау кластерінде қосымша 30 арқанжол, 161 шақырым шаңғы жолағы пайда болады

27.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

- Кешенді жоспар аясында Алматы тау кластерінде жұмыс істеп тұрған тау-шаңғы курорттарын кеңейту мен оларды бірыңғай жүйеге біріктіру жоспарланып отыр. Қосымша 30 арқанжол мен шаңғы тебетін 161 шақырым жол пайда болады. Осы арқылы қазіргі жүктемені азайтып, жыл сайын келетін туристер ағынын 5 млн адамға дейін көбейте аламыз, - деді ол.

Министр тау шаңғысымен әуестенетін туристердің экономикаға тигізетін пайдасы мол екенін айтады.

- Бұл жобаның аталған аймақ үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық әсері бар. Себебі әлемдік тәжірибеге сүйенсек, тауда шаңғы тебетін бір турист жағажайға баратын туриспен салыстырғанда жеті есе көп ақша жұмсайды, - деді Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселелері қаралып жатыр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью