Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Алматы тауларында қар көшкінін түсіруге заманауи технологиялар қолданылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Алматы қаласының таулы аудандарында тұрақсыз қар жамылғысы мен жалғасып жатқан қардың салдарынан қар көшкінін мәжбүрлі түсіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Алматы тауларында қар көшкінін жүргізуге айрықша технология қолданылды
Алматы тауларында қар көшкінін жүргізуге айрықша технология қолданылды
"Мамандар ТЖМ "Қазавиақұтқару" Ми-8 тікұшағының көмегімен daisybell заманауи газ динамикалық қондырғысын пайдалана отырып, бақыланатын қар көшкінін түсіруді орындады. Жұмыстар Кіші, Үлкен Алматы және Қотырбұлақ өзендерінің бассейндерінде жүргізілді. Бұл қар жамылғысының ішінара шөгуіне және тығыздалуына мүмкіндік берді, бұл қар көшкінінің өздігінен түсу қаупін азайтты", - деп жазылған хабарлдамада.
DaisyBell қондырғысы-тікұшақтың астына бекітілген аспалы жүйе. Оның жұмыс принципі қар жамылғысының үстіндегі қауіпсіз биіктікте газ қоспасының, яғни оттегі мен сутегінің бақыланатын бұзылуына негізделген. Пайда болған соққыдан тұрақсыз қар массасы жинала бастайды, бұл олардың бақыланбайтын қозғалысын болдырмайды.
Көшкін қаупі бар жағдайға мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Ықтимал қауіпті тау бағыттарына апаратын жолға шектеу қойылып, блокбекеттер тұрғызылды.