Алматы тауларында қаза тапқан үш туристің бірі 11 сынып оқушысы болған

30.12.2025

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматыда тауда қаза тапқан үш жігіттің денесі жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда тауда қаза тапқан үш жігіттің денесі жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Құтқарушылар алдымен 20 жастағы жігіттің денесін "Локомотив" шыңынан түсірген. Араға бір тәулік салып, тағы екеуінің мәйіті 4 мың метр биіктен табылды. Телеарна мәліметінше, марқұмдар тау шыңын бағындыруға кетіп, көшкіннің астында қалып қойған.

"Іздестіру кезінде "Локомотив" шыңында көшкін жүргені анықталды. Үш жігіттің мәйіті теңіз деңгейінен 4 мың метр биіктегі шыңнан табылды. Іздеу кезінде ауа райы мен ұйытқыған жел жұмысымызға қатты кедергі келтірді. Қар қалындығы тізеден асады. Марқұмдарды төменге түсірудің өзіне алты сағаттан аса уақыт кетті", - деді Алматы қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Денис Ярцев.

17, 19 және 20 жастағы үш жігіт өткен сәрсенбіде тауға аттанған. Олардың бірі 11-сынып оқушысы болған. Олар Іле Алатауының "Мыңжылқы" шатқалы және "Локомотив" шыңына жеткенде байланыс үзілген.

Үшеуі де бұрыннан тауға саяхаттап, шыңға шығуды ұнатқан.

"Үш жылдық тәжірибесі бар", - дейді жақындары.

Бұл жолы да қалың киініп, бірнеше күнге жететін азық-түлік алып кеткен екен. Телефондары өшіп, ешқандай хабар болмай қалған соң туыстары құтқару қызметіне хабар берген. Марқұмдардың жақындары болған жағдайға сенер-сенбесін білмей отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью