Алматы тауында адамды қар көшкіні басып қалды

22.02.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Алматыда ер адамды қар көшкіні басып қалды, деп хабарлайды төтенше министрлігі.

"Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты аумағында 1998 жылы туған ер адамды қар көшкіні басып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті", - дейді құтқарушылар.

Оқиға орнына дереу Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен Шымбұлақ курортының құтқарушылары жіберілді.

Құтқару қызметтерінің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккен адам тез арада табылып, қар астынан шығарылды.

Оған алғашқы көмек көрсетіліп, одан әрі тексеру үшін "Шымбұлақ" медициналық пунктіне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью