Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Қала әкімдігінің мәліметінше, автокөліктің емін-еркін қозғалысын қамтамасыз ету және көше-жол желісін уақытылы тазалау мақсатында коммуналдық қызмет күшейтілген дайындық режиміне көшірілді. Бұл жұмысқа 2,2 мың жол саласы жұмысшысы тартылып, 1,3 мың бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
– Тротуарлар мен қоғамдық орындарды тазалауға 95 шағын габаритті техника тартылып, көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Таулы аймақтарда қар күреуге арналған үш колонна жасақталды. Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Қар шығару мәселесі бойынша тұрғындар Алматы әкімдігінің қоғамдық қабылдауы – Open Almaty-ге хабарласа алады:
• 1308 нөмірі арқылы;
• Facebook және Instagram желілеріндегі @openalmaty ресми парақшалары арқылы.
Әкімдік әлеуметтік желілер арқылы түскен өтініштер дереу қабылданып, қаралатынын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Астана тұрғыны жиналған қардан түрлі мүсін жасап, жұртты тәнті етіп жүргенін жазғанбыз.