Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматыда шақыртуға барған полицейлерге күш көрсеткен тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
"102" арнасына тұрғын үй кешендерінің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері келеңсіздікке тап болды.
Тәртіп бұзушылардың бірі полицияның заңды талаптарын орындаудан бас тартып, оларға күш көрсеткен.
Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.