Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қалалық газеттің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, ЖЭО-2 – ЖЭО-1 (Гүлдер) жылу магистралін жаңғырту жобасы үшін ТК 18-3-тен ЖЭО-1-ге дейінгі аралықта 45 жер учаскесі мен жылжымайтын мүлік нысанын мемлекет меншігіне алу жоспарланып отыр. Бұл нысандар Рысқұлов даңғылы, Яблочков, Туринская көшелері бойында, сондай-ақ Жетісу ауданындағы ЖЭО-1 аумағына жақын орналасқан.
Мына мекенжайлардағы жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді: Рысқұлов даңғылы (43, 45, 52А), Полежаев көшесі (168, 172), Яблочков көшесі (2, 49, 55, 57), Шәмиев көшесі (3, №17 үй-жай), Ползунов көшесі (4), Туринская көшесі (2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 28, 30, 30/1), Ленский көшесі (24/3, 4/26, 5, 8А) және Тюменская көшесі (3/32, 6, 7, 7/1, 10).
Сонымен қатар жекелеген қаулыға сәйкес:
• Жансүгіров көшесінің батысында және Дінмұхамед Қонаев атындағы каналдың солтүстігінде орналасқан «Адам» ЖШС-не тиесілі 1,2581 гектар жер телімі инновациялық шығармашылық орталық салу үшін мемлекет меншігіне өтеді;
• Алмалы ауданындағы Әлімжанов көшесі, 73 мекенжайында орналасқан 0,1595 гектар жер телімі қоғамдық кеңістікті абаттандыру мақсатында иеліктен шығарылады;
• Наурызбай ауданындағы Ақжар ықшамауданында (Жандосов көшесінің солтүстігі мен Егінсу көшесінің шығысында) орналасқан үш жер учаскесі автобус паркін салу үшін мемлекет қажетіне алынады.
Алынатын барлық жер телімінің иесіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтемақы төленеді.
Жерді мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жолдарды Үлкен Алматы айналма жолына жалғау үшін жер телімдері алынатынын жазғанбыз.