Алматы жұрты ашық аспан астында Абай әндерін бірге шырқады

09.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Алматыда мыңнан астам адам ашық аспан астында ұлы ақынның әндерін бірге шырқады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Сондай-ақ көрермендер Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған "Алғашқы кітап" атты деректі фильмді тамашалады.

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Алматыда Абай әлемі ұлықталды

Алматыда Абай әлемі ұлықталды

© Photo : Пресс-служба акима Алматы

"Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таңғаларлық ұлы оқиға - 1909 жылы Петербор қаласында Ілияс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген", - деп жазылған хабарламада.

Фильмде Абайдың алғашқы кітабының қалай жарық көргені, ақынның көзі тірісінде өз шығармаларын жинақтап, кітап етіп шығаруға әрекет жасаған-жасамағаны, кітапты кім дайындағаны және оның қалай баспа бетін көргені баяндалады.

Сондай-ақ туындыда кітаптың неге Семейде емес, Петерборда басылғаны және оны шығару барысында қандай кедергілер шыққаны сөз болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью