Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
1 қазаннан бастап Алматыда су тарифтері өзгереді. Жаңа мөлшерлемелер "Алматы Су" сайтында жарияланды. Қала тұрғындары енді қанша төлейтіні туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.
Тұрғындар мен бизнес өкілдері қанша төлейді?
1 қазаннан бастап 16 пайыздық ҚҚС-ты есепке алғанда халық үшін тарифтер келесідей болады:
сумен жабдықтау – текше метріне 178,06 теңге; су бұру (кәріз) – текше метріне 119,46 теңге.Осылайша, бір текше метр судың құны су бұру қызметімен бірге шамамен 297,52 теңге болады.
Қазір сумен жабдықтау тарифі текше метріне 76,56 теңге, ал су бұру тарифі 47,50 теңге.
Бизнеске, яғни коммерциялық ұйымдарға баға екі есе жоғары: сумен жабдықтау – текше метріне 362,18 теңге, су бұру – 264,75 теңге.
Ал мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компанияларға сумен жабдықтау текше метріне 649,60 теңге, су бұру – 189,14 теңге болады.
Бұл ретте тұрғындар және ыстық сумен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін суық судың бағасы ҚҚС-сыз текше метріне 153,50 теңге, ал су бұру – 102,98 теңге болады.
Есептегіші жоқтар қанша төлейді?1 қазаннан бастап тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық қажеттіліктерге жұмсалатын суға тұрғындар бір адамға айына 2670,90 теңге төлейді. Тариф тіркелген тұрғындар санына қарай есептеледі.
Су бұруға тұрғындар бір адамға айына 1791,85 теңге (бұрын 1148 теңге болған), ал ыстық суды бұруға 376,29 теңге (бұрын 712 теңге төленген) төлейді.
Айта кетейік, Қазақстанда жергілікті билік халық үшін ауыз су тарифтерін өз бетінше белгілеу құқығына ие болды. Мұндай құқықты өңірлік мәслихаттарға жаңа Су кодексі береді. Енді олар бір текше метр ауыз судың құны қанша болатынын өздері анықтай алады. Бұл ретте тарифті белгілеу кезінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мен сумен жабдықтаудың қолданыстағы бағасы ескерілуі тиіс.
Еске сала кетейік, Қазақстанда халық пен бизнес үшін бағаның күрт өсуін болдырмау мақсатында коммуналдық қызмет тарифтерін кезең-кезеңімен көтеру жалғасады. Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу