Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
10 қыркүйек күні таңертең Алматыда 12 қабатты тұрғын үйдің соңғы қабатындағы пәтерден өрт шықты. Құтқарушылар ғимараттан ондаған адамды алып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, Самал-2 ықшамауданындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама "112" пультіне түскен.
Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері жеткен кезде 12-қабаттағы пәтердің ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің ғимарат шатырына жайылу қаупі төнді.
Құтқару операциясы барысында ТЖМ қызметкерлері 10 адамды, соның ішінде үш баланы құтқарды.
Фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, үйден 72 адам эвакуацияланды. Олардың арасында сегіз бала мен мүмкіндігі шектеулі үш адам бар.
Фото: Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі
Өртсөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның шатырға жайылуына жол берілмеді. Өрт 35 шаршы метр аумақта жойылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жарияланымы (@112kz_)
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Абай даңғылындағы 16 қабатты үйден өртке байланысты 100-ге жуық адам эвакуацияланған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу