Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл алғаш рет жарыс бағыты Төле би, Қабанбай батыр, Панфилов көшелері мен Абылай хан даңғылы арқылы өтіп, қатысушылар қаланың танымал көрікті жерлері жанынан жүгіріп өтті.
«Негізгі сайыс 10 шақырымдық командалық эстафета болды. Әр қатысушы 2 шақырымдық кезеңді еңсерді. Балалар үшін 500, 1000 және 2000 метр қашықтықтарға жеке жарыстар ұйымдастырылды», делінген хабарламада.
Африкада үздік ондыққа енді: 81 жастағы марафоншыға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
Қонақтарға ойын-сауық және демалыс алаңдары жұмыс істеді. Ұйымдастырушылар экологиялық бастаманы да жалғастырып, пайдаланылған пластик стақандарды бөлек жинап, қайта өңдеуге жіберді.
Summer Relay – 27 қыркүйекте өтетін мерейтойлық Almaty Marathon жарысына дайындық кезеңдерінің бірі болды.
Бұған дейін 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгені туралы хабарлаған едік.