Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Алматыда бұрынғы тергеуші қылмысты жасырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда бұрынғы тергеуші қылмысты жасырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Арнайы прокурорлар Алматының Наурызбай ауданы полиция басқармасының бұрынғы тергеушісі 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола отырып, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғанын анықтады.
"Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Күдіктінің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 433-бабы 2-бөлігі "Ауыр қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру" бойынша сараланды.
"Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды", - делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ сотталған "полиция лейтенанты" арнаулы атағынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!