Алматыда 1400 ден астам автобус экологиялық талапқа сай емес

21.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Жыл басынан бері Алматыда 3 мыңнан астам автобустың экологиялық көрсеткіші тексерілді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

"Жалпы мамандар 3 108 автобусты тексерді. Мониторинг нәтижесінде оның 1 420-сы, яғни шамамен 45,7%-і экологиялық талаптарға сай емес екені анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр", - дейді әкімдік.

Айта кетері, мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Іс-шара автокөліктен және басқа да ластау көздерінен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью