Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Негізгі бағыттардың бірі болып, табыстарын жасыру фактілерін қоса алғанда, жосықсыз алимент төлеушілердің міндеттемелерді орындауын қадағалау.
— Жүргізілген талдау барысында алимент бойынша 3 419 250 теңге мөлшерінде берешегі бола тұра, борышкерлердің бірі «Y.Taxi Qazaqstan» ЖШС арқылы 1 498 023 теңгеден астам табыс тапқаны және үш айдан астам уақыт бойы алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін қасақана орындаудан жалтарғандығы анықталды, — делінген Алматы қаласы прокуратурасы хабарламасында.
2026 жылдың басынан бастап прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарған 17 борышкерге қатысты ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық істер тіркелді.
Сонымен қатар ӘҚБтК-нің 669-бабымен алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 95 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 350 баланың пайдасына 400 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді.
— Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және барлық ата-ананы балалар алдындағы өз міндеттерін уақтылы орындауға шақырады. Алимент төлеуден жалтару, әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (ҚК-нің 139-бабы) әкеп соғады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік елордада алимент төлеуден жалтарғандарға жаза күшейеді.