Алматыда 186 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның айтуынша, былтыр құқық бұзушылықтар саны 11,9%-ға, қылмыстар саны 11,8%-ға азайған. Ауыр және аса ауыр қылмыстар 3,8% төмендеген. Оның ішінде кісі өлтіру, қарақшылық, тонау және ұрлық сияқты қылмыс түрлерінің азайғаны байқалған.

Айдын Кабдұлдинов қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі – цифрландыру екенін атап өтті. Қазір Алматы қаласында 186 мыңнан астам бейнебақылау камерасы бар, оның 66 мыңнан астамы жедел басқару орталығына қосылған.

Фото: polisia.kz

– Олардың көмегімен шамамен 1,5 мың қылмыс ашылып, 9 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Камералар – жазалау құралы емес, ең алдымен құқық бұзушылықтың алдын алу мен азаматтарды қорғаудың тиімді тетігі, - деді департамент басшысы.

Ал мектептер мен балабақшаларда 17 мыңнан астам камера орнатылған және мемлекеттік білім беру ұйымдары 100% полициямен байланысы бар дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар 15 мыңнан астам камерада жасанды интеллект элементтері қолданылып жүр.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына байланысты пікір білдірді.

Кейін Ішкі істер министрі Ержан Саденов полиция департаментіндегі бірқатар басшы қызметінен босатылғанын хабарлады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью