Алматыда 19 сәуір күні өтетін жартылай марафонға байланысты бірқатар көше жабылады

16.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл жарысқа әлемнің 44 елінен 10 мыңнан астам адам қатысады. Марафон күні қалада жол қозғалысы ішінара шектелмек.

Жарыс таңғы сағат 07:00-де Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі жол бөлігі 19 сәуір күні сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Ал Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағымен Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 06:45-тен 09:45-ке дейін жабылады. Оңтүстік жағы ашық болады.

Сейфуллин даңғылының Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол учаскесіндегі қозғалыс сағат 07:10-нан 09:05-ке дейін толығымен жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:50-ден 11:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағымен Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 07:20-дан 09:15-ке дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағымен Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 08:30-дан 10:20-ға дейін жабылады. Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады.

- Сөре Әл-Фараби даңғылы бойындағы Тұңғыш Президент саябағы маңынан басталып, мәре Орталық стадионда аяқталады. Сағат 07:00–де 10 км қашықтыққа жүгіру және скандинавиялық жүріс басталады. Ал сағат 08:15-те 21 км қашықтыққа қатысушылар жарыс жолына шығады, - деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, дәл осы күні Бейжің жартылай марафонында роботтар адамдармен бірге жүгіреді.

Фото: Алматы әкімдігі
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью