Алматыда 2025 жылы кімдер жоғалып кетті

23.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматыда 2025 жылы азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалу фактілері бойынша 239 арыз тіркелген. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оның алдыңғы жылдары жоғалғандарды қоса алғанда, былтыр тірі табылғандар саны 4 402 адам болған.

– Оның ішінде ер адамдар – 2 519, ал әйел адамдар – 1 883. Сонымен қатар 12 адамның мәйіті анықталды, - делінген ресми жауапта.

Полиция өкілдері мәйіті табылған адамдардың арасында кісі қолынан қаза тапқандар жоқ екенін растады. Жоғалғандардың жас ерекшелігі бойынша статистикаға қарағанда, кәмелетке толмағандар 10-15 жас аралығында, ал ересектер 35-60 жас аралығында орналасқан. Жоғалғандар арасындағы ер адамдардың үлесі жоғары.

Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, көп жағдайда жоғалу фактілерінің негізгі себебі – тұрмыстық жанжал. Кәмелетке толмаған балалар кейде ата-анасымен ұрысып, үйден кетсе, ересек адамдардың ішінде жұбайымен түсініспеушілік болған жағдайда хабарсыз кету жағдайлары тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Атырау областық Полиция департаменті Жангелдин ауылында жоғалған отбасы мүшелері Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевты іздеу жұмысы тоқталды деген ақпаратты жоққа шығарған еді.

Іздеу тек азаматтар табылған кезде тоқтайды. Сондықтан іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью