Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, 2018-2019 жылдары жүргізілген түгендеу қала аумағында 4,3 миллионнан астам ағаш өсетінін көрсеткен. Алайда ведомство жасыл желектерді ғылыми негізде және жүйелі басқару мақсатында 2026-2030 жылдарға арналған жаңа 5 жылдық дендрологиялық жоспар әзірленіп жатқанын атап өтті.
Құжат жасыл желекті түгендеу мен орман-патологиялық зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жасыл қорды сауықтыру, жаңарту және орнықты дамытуға бағытталған кешенді шараларды қамтымақ.
- 2026 жылы қаланың барлық ауданы бойынша дендрологиялық жоспарды әзірлеу жұмыстары аяқталады деп жоспарланған. 2027 жылдан бастап көгалдандыру және жасыл аймақтарды жаңарту жұмыстары бекітілген құжатқа сәйкес жүргізіледі, - деп хабарлады басқармадан.
Ведомство мәліметінше, қазір көшелерді қайта жаңарту жұмыстары аясында биіктігі 5-6 метр болатын ірі көлемді ағаштар және қалалық ортаға бейімделген бұталар кезең-кезеңімен отырғызылып жүр. 2023-2025 жылдар аралығында 1,06 миллионнан астам көшет егілген.
Фото: Алматы әкімдігі- 2030 жылға қарай бір тұрғынға шаққандағы жасыл желекпен қамтамасыз ету көрсеткішін 15 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған, - деп нақтылады басқарма өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2 жылда жасыл желектің жағдайы зерттеуден өтетінін жазғанбыз.