Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Ашық дереккөз
Любовь Соколованың айтуынша, риелтор мен қызы мейрамханаға барған.
Кейін ол: «Сен пәтер іздеп жүр едің ғой. Мен осы маңнан пәтер жалдап тұрамын, қаласаң барып көрейік», деген. Содан кейін екеуі сол жаққа барған. Қалай келісімге келгендерін білмеймін. Оның айтуынша, жақын қатынас үшін ақша төлеуге келіскен көрінеді. Ол қызыма ақша аударған, ал Вероника үйіне қайтпақ болған. Сонда әлгі жігіт: «Қайда барасың? Мен саған ақша аудардым ғой», дейді. Қызым болса: «Ақша түскен жоқ, мен кетемін», деп жауап берген.
Бірнеше сағаттан кейін Верониканың мәйіті табылды. Ресми мәлімет бойынша, ол 4-қабаттың терезесінен құлаған.
Ktk.kz мәліметінше, 22 жастағы Вероника басынан және оң аяғынан ауыр жарақат алған. Денесінде көгерген іздер, жаралар мен сырылған жерлер болған. Анасының айтуынша, қызының қолында ноутбук болған күйі терезеден құлағаны күдік тудырады. Сонымен қатар пәтерден қанға боялған сырғалары табылған.
Іс бірнеше рет сотта қаралып, кейін жабылған. Алайда марқұмның анасы істің қайта қаралуына қол жеткізді. Оның сөзінше, осыдан кейін риелтордың адвокаты хабарласып, ақша ұсынған. Енді жалғыз қалған әйел өз өміріне де қауіп төніп тұрғанын айтады.
Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Полиция өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сонымен қатар іске «Өз бетінше билік ету» бабы да қосылды. Тергеу мәліметінше, Верониканы соңғы болып көрген жігіт оның ұялы телефонын тартып алған болуы мүмкін.
Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта кешенді сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындысы бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар бір күдіктіге қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
«Қайғыдан қан жұтқан ана бұл іске басқа адамдардың да қатысы болуы мүмкін деп есептейді. Қайғылы оқиға болған пәтерден 4 адамның саусақ іздері табылғанымен, олардың кімге тиесілі екені әлі белгісіз. Бұған қоса, көршілер жиһаз құлағандай қатты тарсыл естігендерін айтқан. Ал іс материалдарынан Верониканың киімдері, фото және бейнежазбалары із-түзсіз жоғалып кеткен», деді полиция департаментінің ресми өкілі.
Еске салайық, 1 сәуір күні болашағынан зор үміт күттірген Айсәуле Қанаханың мәйіті Есіл өзенінің жағасынан табылған болатын.