Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Алматыда 10 наурыз кешкі уақыттан бастап қар жауа бастады. Қалалық қызметтердің мәліметінше, қазірдің өзінде шамамен 3-4 см қар жауған. Оны тазалауға 75 жедел бригада, 2 710 жол саласының жұмысшысы және 1 225 техника тартылды. 200-ден астам жол тазалайтын техника жолға көктайғаққа қарсы арнайы материалдар септі. Себу жұмыстары біткен соң, техника 28 бригадаға бөлініп, көшелерді тазалау жұмыстарына кірісті.
– Қазіргі уақытта жолдарға үшінші рет құм-тұз қоспасы себіліп жатыр. Бұл шаралар көктайғақтың алдын алуға мүмкіндік береді. Қала тұрғындарына барынша сақ болу ескертіледі: жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтауға, ал жүргіншілерге тротуарларда абай болуға кеңес беріледі, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматыда манипулятор газ құбырын зақымдап, бірнеше үй газсыз қалды.