Алматыда 30 желтоқсаннан бастап көмір мен сұйық отын жағуға тыйым салынады

11.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Аталған талаптар қаланың газдандырылған аумақтарына қатысты Қағидалардың 52-тармағында көзделген. Құжатқа сәйкес, газға қосылу мүмкіндігі бар жеке тұрғын үйлерде, моншаларда және көппәтерлі үйлерді жылытатын жекелеген қазандықтарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.

Төтенше жағдай кезінде жылу және энергиямен жабдықтаудың резервтік көздерін пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл талаптар жылыту қазандықтарын пайдаланатын шаруашылық субъектілеріне де қолданылады. Шығарындылар көздері ластаушы заттарды тазарту қондырғыларымен міндетті түрде жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар арнайы техника, бензин және дизель генераторлары да экологиялық талаптарға сәйкес болуы қажет.

- Осылайша, шектеу тек моншаға ғана емес, газдандырылған аумақтарда орналасқан жеке тұрғын үйлерге де қатысты. Қазіргі таңда Алматыдағы жеке сектордың газдандыру деңгейі шамамен 99,6%. Бұл үй иелерінің басым бөлігінде табиғи газға қосылуға техникалық мүмкіндік бар екенін көрсетеді, - деп түсіндірді ведомство.

Еске салайық, 2025 жылдың 30 желтоқсанында Алматы мәслихаты жаңа экологиялық нормаларды қабылдады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью