Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 26, 27 және 28 тамызда ауа райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.
Бұған дейін синоптиктер Астана мен Алматыға 30 градустық ыстық қайта оралады деп болжаған еді. Жаңартылған мәліметке сәйкес, Астана мен Алматыдағы ауа райында тағы да айтарлықтай айырмашылық болады: оңтүстік мегаполисте күн +33 градусқа дейін ысыса, елордада жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.
Астанадағы ауа райы26 тамызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундтына 0-5, күндіз 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +25...+27 градус.
27 тамызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундтына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +27...+29 градус.
28 тамызда құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 9-14, екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус.
Алматыдағы ауа райы26 тамызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +27...+29 градус.
27 тамызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус.
28 тамызда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундтына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +31...+33 градус.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
+32 градус және үсік: 2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу