Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы тауларында құтқарушылар тау ауруының белгілері бар ер адамды эвакуациялады.
ТЖМ дерегінше, 3300 метр биіктікте орналасқан Космостанция ауданында үш адамнан құралған топ Үлкен Алматы шыңына көтерілген.
Түсу кезінде 2005 жылы туған ер адамның жағдайы нашарлап, басы айналып, тау ауруының белгілері байқалған. Туристер өздігінен төмен түсе алмаған.
Туристер байланыста болып, құтқарушыларға геолокацияларын жіберген. Көмекке Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері жедел түрде жетті.
Құтқарушылар туристерді «Алма - Арасан» экобекетіне дейін эвакуациялады. Төмен түскеннен кейін ер адамның жағдайы жақсарып, тау ауруының белгілері басылған. Медициналық көмек қажет болмаған, кейін туристер үйлеріне өздері қайтқан, - деп жазылған ресми хабарламада