Алматыда 35 градус ыстық болады, Астанада күн күркірейді: 9 11 қыркүйекке арналған ауа райы

08.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

"Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистерде 9, 10 және 11 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.

Болжам бойынша, екі қаланың тұрғындарын айтарлықтай өзгеше ауа райы күтіп тұр: Алматыда температура +35 градусқа дейін көтерілсе, Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі.

Астанадағы ауа райы

9 қыркүйекте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +31...+33 градус.

10 қыркүйекте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +29...+31 градус.

11 қыркүйекте күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +26...+28 градус.

Алматыдағы ауа райы

9 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус.

10 қыркүйек күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +31...+33 градус.

11 қыркүйекте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа райы айтарлықтай өзгеретінін хабарлаған болатын. Елдің батысына жаңбыр жауып, кей жерлерде нөсерлетіп, ауа температурасы төмендейді. Сонымен қатар республиканың басым бөлігінде жазғы жылы ауа райы сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью