​Алматыда 4 баллға дейін жер сілкінді

17.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 09 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км. жерде орналасқан. 

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Елді мекендердегі есептелген қарқындылық 2-ден 4 баллға дейін жетті. Алматыда жер асты дүмпулері 2 балл деңгейінде сезілді. Ең күшті сезілгені – 4 баллға дейін жетті – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Түрген ауылы мен Есік қаласында тіркелді.

Алматы облысының бірқатар елді мекендерінде, соның ішінде Маловодное, Ж.Қайыпов, Саты, Талғар және Шелекте 3 балл белгіленді. Қонаев, Қаскелең, Боралдай, Жетігенде, сондай-ақ Жамбыл және Жетісу облыстарының жекелеген аудандарында дүмпулердің күші 2 баллды құрады.

Бүгін, 16:40

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью