Алматыда +40 қа жуық, Астанада найзағай: тамыздың алғашқы күндеріндегі ауа райы

31.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астана қалалары бойынша 1, 2 және 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

1 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +35...+37 градус ыстық болады.

2 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус жылы болады.

3 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

1 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +35...+37 градус қатты ыстық болады.

2 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +37...+39 градус ыстық болады.

3 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 3-8, кешке қарай екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +36...+38 градус ыстық болады.

Аптап басылар емес

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш тәулікте Қазақстан тұрғындарын құбылмалы ауа райы күтіп тұрғанын хабарлаған болатын. Елдің басым бөлігінде ыстық сақталады, алайда бірқатар өңірде найзағайлы жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел соғуы мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью