Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға түсті, деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, балалар 2026 жылдың 12-13 қазаны аралығында Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
"Мектеп-интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысымен мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытта мамандар тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алды.