Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Алматыдағы Әуежай көлін ауқымды абаттандыруға және түбін лай мен қоқыстан арнайы техникамен тазартуға дайындап жатыр. Көп жылдан бері алғаш рет көлдің суы түгелге жуық жіберілді. Бірнеше жыл бұрын Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі көлдің түбі 60 жылдан бері, яғни 1963 жылы пайда болғаннан бері тазартылмағанын мәлімдеген еді. Осы уақыт ішінде мұнда өзіндік экожүйе қалыптасқан. Көлді сирек кездесетін құстарды қосқанда, 60-қа жуық құс түрі мекендейді. Сондай-ақ, мұнда балық пен өсімдік көп.
Tengri AI ұсынған жаңалықтың қысқаша мазмұны Бұл ЖИ жазған мәтін
Алматыда түбін механикалық тазартуға және абаттандыруға дайындық үшін Әуежай көлінің (Кіші Алматы тоғаны) суы толығымен дерлік ағызылды; ондаған жылдар ішінде алғаш рет тұнба мен қоқыстың ауқымды қабаты ашылды. Оқиға орнында: жоғарғы бөлігі Кіші Алматы өзенімен қоректенеді және әлі де сулы; төменгі бөлігі тартылған, қоқыстар, уақытша үйінді және технологиялық дамба салуға арналған техника көрінеді; 29 қазанда жұмысшылар байқалмады. Әкімдік: дайындық жұмыстары жүріп жатыр, негізгі айдынды толық құрғату және көму жоспарланбаған; дамба — уақытша, жұмыстардан кейін ол бөлшектеліп, су режимі қалпына келтіріледі. Жобаны «Шығыс қақпасы» полиорталығын дамыту аясында инвестор есебінен «Тумар Строй Инвест» ЖШС жүзеге асыруда; мемлекеттік сатып алулар жүргізілген жоқ, ЖСҚ мен құны бекітілмеген, мерзімдері айтылмаған. Тұжырымдама: шығыс шығанағын тұнбадан тазарту, циркуляцияға арналған кері су құбыры жүйесі, абаттандыру (жаяу жүргіншілер аймағы, көпірлер, субұрқақ, демалыс аймақтары, дәмханалар); жобалық құжаттама келісу және сараптама сатысында, қоғамдық тыңдаулар жоспарлануда. Экологтар биотаның қырылу қаупіне байланысты механикалық тазартуды сынайды; Қарасу көлінің мысалы (2024) — қалпына келтіру екі жылдан астам уақытты алды; билік әсерді азайту шараларын және экологиялық заңнаманы сақтауды уәде етеді. Көл биосферасы: құстардың 60-қа жуық түрі (соның ішінде сирек кездесетіндер), балықтар мен өсімдіктер; судың тартылуына байланысты құстардың бір бөлігі жоғарғы бөлікке ауысты.
Биыл мамырда Tengrinews.kz редакциясы Әуежай көлі туралы репортаж жариялаған еді. Ол кезде жұмыс басталғанға дейінгі көлдің жағдайын көрсетіп, түбін техникамен тазарту қандай қауіп төндіретінін айтқанбыз. Енді басылым тілшісі су жіберілгеннен кейін көл қандай күйде екенін көру үшін қайта барды.
Көлдің жоғарғы бөлігіБұл жолы сапарымызды Желтоқсан саябағынан бастап, Әуежай көлінің жоғарғы бөлігінен төменгі жағына қарай бет алдық. Тоғанның бұл тұсы Кіші Алматы өзенінен үнемі су алып тұратындықтан, мұнда әзірге су бар.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Сәл әріректе бұрын көлдің төменгі бөлігін мекендеген, бірақ қазір осында қоныс аударған үйректерді кездестірдік. Су жіберілген соң үйректер өзен көлге құятын тұсқа қарай ауысқан болуы мүмкін.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Осынау қамыс қопалары әлдеқашан көптеген жануардың мекеніне айналған. Мұнда үнемі ұшып бара жатқан құстардың қанат қаққан дыбыстары мен сыбдыр естіліп тұрады.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Көлдің суы ағызылғанына қарамастан, мұнда серуендеп, спортпен айналысып жүрген тұрғындар көп. Табиғат көрінісі де әдемі. Әсіресе, күз мезгілі Әуежай көлінің жоғарғы бөлігіне ерекше көрік беріп тұр.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Төменірек түскенде, су тартылғанын көресіз. Оның орнында тек кішігірім жылғалар, жансыз көл түбі мен шашылған қоқыстар қалған.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Қоқыстың басым бөлігі - бөтелкелер, пакеттер, көлік дөңгелектері мен балалар ойыншықтары.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Біреу көлге балалар велосипедін тастап кетіпті.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Тағы біреу жақын маңдағы саябақтан орындықты жұлып алып, көлге лақтырған болуы мүмкін.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Ара-тұра қамыс арасынан қалада сирек кездесетін құстар қорек іздеп шығады. Су ағызылғанға дейін олардың қорегі әлдеқайда мол болған. Көлдің осы бөлігі де тазартылса, көптеген жануар үйреншікті мекенінен айырылуы мүмкін екенін болжау қиын емес.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Су жіберілгеннен кейін де мұнда шағын су айдындары сақталған. Кіші Алматы өзені де ағып жатыр. Жас балықшылар еш мойымай, балық аулап жатыр.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Көлдің төменгі бөлігіОрындықтар қойылған шағын айлаққа жеттік. Су жоқтығын есептемегенде, мұнда бәрі бұрынғы қалпында. Абаттандыру жұмыстары әлі басталмаған. Адамдар табиғат аясында демалу үшін әлі де осы жерге келеді.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Дегенмен кейбір өзгерістер байқалады. Жағалаудың бір тұсына жаңадан әкелінген топырақтан үлкен үйінді жасалған.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Ал алыстан уақытша бөгет салуға арналған құрылыс техникасы көрінеді.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр деу қиын. Түсірілім 29 қазанда түстен кейін өтті. Сол кезде жұмысшылар көрінбеді, ал экскаватор қозғалыссыз тұрды.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Бұл жердің жақыннан көрінісі осындай:
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Көлдің кей жерінде әлі де су бар, бірақ әдеттегіден айтарлықтай аз.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Әуежай көліне темір қоршаулар жеткізіле бастаған. Сірә, жақын арада көл аумағына кіруге тыйым салынуы мүмкін.
Сурет: ©️ Tengrinews.kz / Никита Данилин
Әкімдік не дейді?2026 жылғы қазанның ортасында Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы Tengrinews.kz сауалына берген жауабында көл аумағында дайындық жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Соның ішінде көл түбін лайдан, жиналған шөгінділер мен қоқыстан тазарту да бар. Алайда басқарма көлдің суын толық құрғату немесе оның негізгі бөлігін құрылыс қалдықтарымен көму жоспарланбағанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, арнайы техникамен жүргізіліп жатқан жұмыстар уақытша технологиялық бөгет салуға байланысты болып отыр. Бұл бөгет техника жұмыс жүргізілетін аумақтарға жетуі үшін қажет. Жұмыс аяқталған соң уақытша құрылыстар бұзылып, көлдің суы қалпына келтірілуге тиіс.
Экология басқармасы жұмыстар "Тұмар Строй Инвест" ЖШС-ның инвестициялық бастамасы аясында жүргізілетінін де хабарлады. Жоба Алматыдағы "Шығыс қақпасы" полицентрін дамытуға байланысты қолға алынған. Инвестор ұсынған тұжырымдамада Әуежай көлінің шығыс шығанағын лай мен шөгінділерден тазарту, су айналымын қамтамасыз етіп, кері су құбыры жүйесін орнату және іргелес аумақты абаттандыру көзделген.
Алайда жобалық құжаттама әлі әзірленіп, келісіліп жатыр. Құжаттар дайын болғаннан кейін заңда қарастырылған рәсімдерден өту қажет. Олардың қатарында келісім алу, сараптама жүргізу және қоғамдық тыңдаулар өткізу бар.
Басқарма өкілдері жоба мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбей, инвестор есебінен жүзеге асырылатынын да айтты. Сондықтан мердігер ұйымды таңдау үшін мемлекеттік сатып алу өткізілмеген.
Жұмыстың түпкілікті құны әзірге белгісіз. Ол жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптама қорытындысы алынғаннан кейін анықталады. Жоба жүзеге асырылатын мерзім де нақтыланбаған. Жұмыстар нақты қашан аяқталатыны және көл аумағы тұрғындарға қашан қайта ашылатыны басқарма жауабында көрсетілмеген.
Әуежай көлінің бай экожүйесіӘуежай көлінің қазіргі ресми атауы - Кіші Алматы тоғаны. Ол Түрксіб ауданында, әуежайға жақын жерде орналасқан. Бейресми атауы да осыдан шыққан. Көл 1963 жылы жасанды жолмен пайда болған. Ол кезде бұл жер өте танымал демалыс орны еді. Жазда жағажайында мыңдаған Алматы тұрғыны демалатын.
Көлдің сыйымдылығы - 1 250 000 текше метр су, ал орташа тереңдігі - шамамен сегіз метр. Жасанды көл болғанымен, Сайрандағыдай қыста суы сирек ағызылған. Ал жағажайларын көптен бері қамыс басып кеткен. Мұның бәрі табиғатқа қолайлы жағдай жасаған. Қазір көлде балықтар, қосмекенділер және қалада сирек кездесетін құстар көп.
2023 жылы Алматы әкімдігі Әуежай көлінің түбін арнайы техникамен тазарту жоспары туралы алғаш рет хабарлаған еді. Сол кезде көлдің түбі 60 жылда алғаш рет тазартылып, айналасы абаттандырылатыны айтылған болатын. Алайда ол уақытта суды ағызу мүмкін болмай, жұмыстар кейінге қалдырылды.
Үш жылдан кейін, 2026 жылғы сәуірде Алматы әкімдігі Әуежай көлін абаттандыру мәселесіне қайта кірісті. Жоспар бойынша мұнда жаяу жүргіншілер аумағы, жаңа көпірлер, тоғанның ортасында субұрқақ, демалыс орындары мен дәмханалар салынуға тиіс.
Сол кезде журналистер көлді қайта жаңарту жобасында оның түбін техникамен тазарту да қарастырылғанын анықтаған. Алайда экологтар мұндай тәсілді жиі қолдамайды. Олар табиғи тазарту әдістерін ұсынады. Ол үшін су айдындарына балық жіберіліп, су өсімдіктері отырғызылады және суды оттегімен байыту жұмыстары жүргізіледі.
Мәселе мынада: көл түбін техникамен тазарту экожүйеге зиян келтіреді. Су ағызылған кезде балықтар, су өсімдіктері мен микроағзалар қырылады. Мысалы, 2024 жылы Алматыдағы Қарасу көлі де осындай жағдайға тап болған еді. Оның қалпына келуіне екі жылдан аса уақыт қажет болды. Оның өзінде жергілікті белсенділер мен балықшылар көмектеспесе, көлді қалпына келтіру мүмкін болмас еді.
Ал қазір Экология басқармасы жобада "қоршаған ортаға, соның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне келетін кері әсерді барынша азайту шаралары қарастырылғанын" мәлімдеді.
"Жобаны жүзеге асыру кезінде Қазақстанның экологиялық заңнамасы, сондай-ақ, тиісті экологиялық рәсімдердің нәтижесінде белгіленетін қоршаған ортаны қорғау шарттары мен шаралары сақталады", - деп жазылған ведомство жауабында.
Алайда жобалық құжаттаманы келісу аясындағы экологиялық рәсімдер, бағалау мен сараптамалар әлі алда. Сондықтан олардың нәтижелері басқарма жауабында көрсетілмеген. Сондай-ақ, жұмыс кезінде құстарды, балықтарды және көлді мекендейтін басқа да жануарларды қорғау үшін нақты қандай шаралар қабылданатыны айтылмаған.
Мәтін: Никита Данилин
Дайындаған: Жансая Қадыржанова
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу