Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен басып кеткен жүргізушіге үкім шықты

06.11.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қайғылы оқиға биыл 2 сәуір күні Алатау ауданында болды. Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Бурундайская көшесімен келе жатып Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды анасының көзінше басып кетті

Тергеу нәтижесінде Алатау аудандық соты жүргізушіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша кінәлі деп таныды. Оған 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Еске салайық, 7 жасар қыздың өмірін қиған жол апатына байланысты автобус жүргізушісі де жазаланды.

Сондай-ақ сарапшылар мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін жүк көліктеріне қандай талап пен шектеу қойылуы керек екенін айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью