Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматы қаласының полиция департаменті мәліметінше, Түрксіб ауданында полиция қызметкерлері ер адамды заңсыз бас бостандығынан айыру және оған қатысты алаяқтық жасау әрекетімен байланысты ауыр қылмыстың жолын кесті. Жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткердің жоғалып кеткені туралы полицияға оның танысы хабарлаған.
- Жедел әрекет ету нәтижесінде зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің бірінде, жергілікті тұрғындардың үйінен табылды. Оны ұрлады деген күдікпен үш азамат ұсталды. Күдіктілер жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның осал жағдайын пайдалана отырып, бас бостандығын шектеген және жылжымайтын мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болған, - деп хабарлады полициядан.
Қазір адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі ер адам мен бір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске салайық, Алматы полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті.