Алматыда 840 литрден астам алкоголь өнімі тәркіленді

30.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Рейдтердің алғашқы күнінде полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда алкоголь ішу, спирттік ішімдіктерді заңсыз сату және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері бойынша ондаған құқық бұзушылықты анықтады.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикаға, сондай-ақ есепте тұрған тұрғындарды бақылауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, бір күннің өзінде қаланың әртүрлі аудандарында спирттік ішімдіктердің ірі партиялары тәркіленіп, алынған өнімнің жалпы көлемі 840 литрден асқан. 

Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, «Алко-стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

— Осыған байланысты алкоголь өнімдерін сату үдерісіне және азаматтардың қоғамдық орындардағы тәртібіне бақылау күшейтілген. Әсіресе жастар арасындағы профилактикаға және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың алдын алуға басымдық беріліп отыр, — делінген ақпаратта.

Айта кетейік, полиция елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында жүргізушілерге қатаң ескерту жасады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью