Алматыда әйел полиция көлігіне тас лақтырды

19.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 19 маусым – Sputnik. Алматыда әйел өтіп бара жатқан полиция көлігіне тас лақтырған, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Оқиғаның бейнезжазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда орта жастағы әйел полицияның көлігіне тас лақтырғаны түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны ұстамақ болады. Бірақ әйел оқиға орнынан қаша жөнелген.

"Ол өтіп бара жатқан патрульдік көлікке тас лақтырған. Полиция қызметкерлері әйелді ұстады. Әйел әкімшілік кодекстің "ұсақ бұзақылық" бабымен жауапқа тартылды", - дейді полицияда.

Әйелдің мінез-құлқына байланысты Алмалы ауданының полиция басқармасына оның психоэмоционалдық жағдайын бағалау үшін жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды, дейді полицияда.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью