Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматыда маршруттық автобус жүргізушісі әлеуметтік желіде жарияланған видеодан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Видео авторының айтуынша, автобус қозғалыс кезінде оның жолын кескен. Ер адам жүргізушіге ескерту жасағанда, ол әдепсіз ишара жасап жауап қатқан.
Полиция қандай шешім қабылдады?
Threads желісінен көру
Видео Алматы полиция департаментінің назарына ілікті. Ведомство өкілдері бұл жазба 10 тамызда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталғанын хабарлады.
Жүргізушінің жеке басы анықталды. Ол 1970 жылы туған ер адам болып шықты. Полиция оған қатысты әкімшілік шара қолданылғанын мәлімдеді. Сонымен қатаржүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ережеде не делінген?Бұл ретте маңызды жайтты ескеру қажет: Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, елдімекендерде белгіленген аялдамадан қозғалысын бастаған автобустар мен басқа да маршруттық көлік құралдарына жүргізушілер жол беруге міндетті.
Яғни, автобус аялдамадан шығып бара жатса, автокөлік жүргізушілері оны өткізіп жіберуі тиіс. Бұл ретте автобус жүргізушісі де маневрінің қауіпсіз екеніне және басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмейтініне көз жеткізуі керек.
Бұған дейін Алматыда автобустар мен троллейбустардың қозғалыс сызбасы бір күнге өзгеретіні хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Қуып жетіп, соққыға жыққан: Алматыда резонанс тудырған видеодағы жүргізуші ұсталды
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу